08:57, 15 Ақпан 2023 | GMT +6
Өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.
15 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 545 адам коронавирус инфекциясынан (–1 382+ және 163 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.