10:09, 18 Желтоқсан 2022 | GMT +6
Өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 140 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау минитрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 190 адам коронавирус инфекциясынан (–2 083+ және 107 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 11 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.