Өткен тәулікте 20 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 22 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте 20 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 31 168, 345 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 739 жетті.