Өткен тәулікте 241 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясын 241 адамның жұқтырғаны анықталды. 1 адам осы індеттен қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 25 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар саны 34 384 адамды құрады, 364 адам осы дерттен көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны - 27 597.