09:36, 01 Мамыр 2023 | GMT +6
Өткен тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Өткен тәулікте елімізде 32 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 141 адам коронавирус инфекциясынан (–986+ және 155 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 155 пациент стационарда, 986 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 адамның жағдайы ауыр.