08:28, 21 Қараша 2022 | GMT +5
Өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде 38 адамнан коронавиус анықталып, 2 аталмыш дерттен жазылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Каналдағы мәліметтерге қарағанда, 21 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 801 адам коронавирус инфекциясынан (–627+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.