09:00, 04 Сәуір 2021 | GMT +5
Өткен тәулікте 4 сырқат пневмониядан қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2 сәуірде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 169 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 50 815, 700 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 779 жетті.