Өткен тәулікте 5 адам иіс тиіп қайтыс болды - ТЖМ
АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте республикада көмірқышқыл газына уланып, 5 адам қайтыс болды.
Мәселен, ақпанның 14 күні күндіз Өскемен қаласындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде пештің ақауы салдарынан ысты газға уланып үш адам мерт болды, тағы біреуі - ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы Красная Нива ауылында осындай жағдайда екі адам бақилық болды.