Өткен тәулікте 79 адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 79 адам коронавирус жұқтырып, 106 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2020 жылдың наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясын 84413 адам жұқтырып, 5229 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 77370.