08:11, 18 Қараша 2022 | GMT +5
Өткен тәулікте 90-ға жуық адамнан коронавирус анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 қарашадағы мәлімет бойынша 89 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап.
Жалпы 790 адам коронавирус инфекциясынан (–612+ және 178 КВИ-) емделуде
Олардың ішінде 100 пациент стационарда, 690 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.