Өткен тәулікте әлемде А тұмауынан 100-ден астам адам көз жұмды

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат -   Өткен тәулікте  әлем  елдерінде  «доңыз тұмауынан»  100-ден  астам  адам көз жұмды, ал      вирусты  жұқтырудың зертханалық жолмен расталған       оқиғалары әлем бойынша    207 мың  адамға  жақындады. 

Өткен тәулікте   әлемде А тұмауынан 100-ден  астам адам көз жұмды

Олардың 1 мың 600  оқиғасы   кісі  өлімімен аяқталған фактілер,  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат «Эхо Москвы»  радиостансасына   сілтеме жасап.

Соңғы  бірнеше күннің ішінде   вирустың  «географиясы» кеңейе  түсті.   Атап айтқанда,     Ирландияда     алғаш рет А  тұмауынан  кісі өлімі  тіркелді.   Елдің   ауруханаларында  осы вирусты  жұқтырған  18  адам  жатыр.

Ал   кеше Иракта  дәрігерлер  елде     А тұмауынан       адамның қайтыс болуының  алғашқы     оқиғасын тіркеді.  Қазіргі уақытта Иракта  «доңыз тұмауын»  жұқтырудың   67 оқиғасы  тіркелген,  оның    39 фактісі Иракта орналасқан  американ  әскери контингентінің  жауынгерлерінің ішінде орын алып  отыр.