Өткен тәулікте Алматы облысында 233 адам КВИ жұқтырған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 233 адам КВИ жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте Алматы облысында 233 адам КВИ жұқтырған

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес,

оның ішінде Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында 33 жағдайдан, Алакөл ауданында – 32, Текелі қаласында – 22, Еңбекшіқазақ ауданында – 20, Панфилов ауданында – 14, Қарасай және Қаратал аудандарында 10 жағдайдан, Іле ауданында – 9, Ескелді, Жамбыл және Кербұлақ аудандарында 8 жағдайдан, Балқаш ауданында – 7, Көксу және Сарқан аудандарында 6 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында 2 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 409 адам емделіп шықты. Өңір «Сары» аймақта.

01.10.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 1414 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 148 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 3450. Төсек-орын жүктемесі – 40,9 %.

Соңғы 3 күнде 11358 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 755 723. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2046. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 660 948. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4835.