Өткен тәулікте Алматы облысында 290 адам КВИ жұқтырған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 290 адам КВИ жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламағасәйкес, соның ішінде Талдықорған қаласында 66 жағдай, Алакөл ауданында – 32, Еңбекшіқазақ ауданында – 31, Ұйғыр ауданында – 21, Қаратал және Панфилов аудандарында 16 жағдайдан, Қарасай ауданы мен Текелі қаласында 15 жағдайдан, Ескелді ауданында – 13, Жамбыл, Кербұлақ және Талғар аудандарында 11 жағдайдан, Көксу ауданында – 10, Сарқан ауданында – 9, Балқаш ауданында – 7, Қапшағай қаласында – 4, Кеген ауданында 2 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 748 адам жазылып шықты. Өңір «ҚЫЗЫЛ» аймақта.

10.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 2500 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 207 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 41,1 %.

Соңғы 3 күнде 11404 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 14 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 706 750. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3727. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 587 885. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3573.


Соңғы жаңалықтар