Өткен тәулікте Алматы облысында 305 адам коронавирус жұқтырған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 305 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соның ішінде Талдықорған қаласында 95 жағдай, Талғар ауданында - 47, Панфилов ауданында – 31, Қарасай ауданында – 23, Қаратал және Ұйғыр аудандарында 20 жағдайдан, Текелі қаласында – 15, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында – 11, Ескелді ауданында – 10, Кербұлақ ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 5, Алакөл ауданында – 4, Сарқан ауданында – 3, Ақсу және Райымбек аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ өткен тәулікте 534 адам емделіп шықты. Өңір «қызыл» аймақта.
«31-қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 1158 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 100 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 41,6 %. Жансақтау бөлімінде 16 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындадың жүктемесі 5,7 % құрайды (280 жатын орын).
Соңғы 3 күнде 6825 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 934 920. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1617. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 863 612. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 329 адам.