Өткен тәулікте Алматы облысында 383 адам коронавирус жұқтырды

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 79 жағдай, Талғар ауданында - 44, Жамбыл ауданында – 39, Іле ауданында – 38, Қарасай ауданында – 36, Текелі қаласында – 30, Алакөл және Еңбекшіқазақ аудандарында 19 жағдайдан, Панфилов ауданында – 16, Қапшағай қаласында – 11, Ұйғыр ауданында – 10, Ескелді ауданында – 9, Қаратал және Кербұлақ аудандарында 7 жағдайдан, Сарқан ауданында – 5, Ақсу ауданында – 3, Райымбек ауданында 2 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 245 адам жазылып шықты. Өңір «қызыл» аймақта.
«17 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 3357 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 72-сі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір тәулікте ауруханаларға 256 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5500. Төсек-орын жүктемесі – 61,0 %»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақ паратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 622 458. Соның ішінде өткен күні вакцина салдырғандар саны – 4808. Вакцинаның 2-ші компонентін алғандар саны – 487 760. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 5641.