Өткен тәулікте Алматы облысында 65 адамнан коронавирус анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 65 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласында 17 жағдай, Талғар ауданында – 9, Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандарында – 6 Жамбыл және Қарасай аудандарында – 4, Ескелді, Іле, Кербұлақ аудандарында – 3, Көксу, Панфилов, Ұйғыр аудандарында – 2, Балқаш, Қаратал аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларында 1 жағдайдан коронавирус тіркелген.
Сондай-ақ 127 адам жазылып шықты. Өңір «жасыл» аймақта.
«Ауруханаларда 1135 адам ем қабылдауда. Соның 42-нің жағдайы ауыр. 1 тәулікте 74 адам ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 46,1 %-ке толған.
Соңғы 3 күнде 6234 адамның сынамалары ПТР- зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 28 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды», -делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 223 677. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 594. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 133 270. Соның ішінде кеше 1155 адам вакцина салдырды.