Өткен тәулікте Алматы облысында 91 адамнан коронавирус анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 91 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте Алматы облысында 91 адамнан коронавирус анықталды

Соның ішінде Талдықорған қаласында 31 жағдай, Қарасай ауданында – 12, Көксу ауданында – 11, Панфилов ауданында – 7, Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 5, Текелі қаласында – 4, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында 3 жағдайдан, Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ және Сарқан аудандарында 2 жағдайдан, Қаратал ауданында 1 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 56 адам коронавирустан жазылып шықты.

Өңір «сары» аймақта.

«15-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 711 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 37 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 25,5 %. Жансақтау бөлімінде 20 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,1 % құрайды (280 жатын орын). Соңғы 3 күнде 3949 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 974 425. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3268. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 883 864. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 1947 адам.