09:29, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Өткен тәулікте бойжеткен, 7 жасар бала мен бір жігіт суға батып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте бойжеткен, 7 жасар бала және бір жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 7 тамыз күні Қызылорда облысының Сырдария өзеніне шомылу кезінде 21 жастағы бойжеткен батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД су-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының көмегімен іздестірілуде.
Батыс Қазақстан облысы Тасоба кентінің маңынан ағып өтетін Жайық өзеніне 7 жасар бала батып кетті. Оның мүрдесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Сол күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевка қаласындағы Есіл өзеніне шомылу кезінде 15 жастағы бозбала батып кетті. Оның мәйіті жер бетіне ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД су-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 технникасының көмегімен шығарылды.