Өткен тәулікте ел аумағында 260 қылмыс тіркелді - ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі, сәуірдің 11-і күні ел аумағында 260 қылмыс тіркелді, оның 200-інің ізі суымай ашылды.

Өткен тәулікте ел аумағында 260 қылмыс тіркелді - ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігінің Шұғыл басқару орталығынан мәлім еткендей, орын алған қылмыстардың ішінде 5-еуі - кісі өлтіру (ашылды - 5), 18 - ұрлау (12), 136 - тонау (107) және 18 - есірткі қылмысына қатысты.

Сондай-ақ, 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың салдарынан 16 адам мерт болып, 34-і жарақаттанды. 25 өрт оқиғасында 1 адам қаза тапты.