10:44, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Өткен тәулікте ел аумағында 298 қылмыс тіркелді - ІІМ
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте ел аумағында 298 қылмыс тіркелді, оның 226-сы - ізі суымай ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәуірдің 5-і күні 10 - кісі өлтіру (ашылды - 10), 5 - қарақшылық (4), 21 - ұрлау (18), 168 - тонау (121) және есірткі қылмысына қатысты 13 факті орын алған.
Барлығы 29 жол-көлік апаты тіркелді. Олардың салдарынан 7 адам мерт болып, 28-і жарақаттанды. Үш өрт оқиғасы болды.