Өткен тәулікте ел аумағында 323 қылмыс тіркелді, оның 226-сы ізі суымай ашылды - ІІМ
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте ел аумағында 323 қылмыс тіркелді, оның 226-сы ізі суымай ашылды.
Сәуірдің 22-сі күні орын алған қылмыстардың арасында 1 - кісі өлтіру (ашылды - 1), 3 - қарақшылық (3), 29 - ұрлау (23), 155 - тонау (93) және есірткі қылмысына қатысты 37 факті бар.
Сондай-ақ 21 жол-көлік апаты тіркеліп, оларда 6 адам қаза тапты, 25-і түрлі дене жарақаттарын алды. 48 өрт оқиғасында 1 адам мерт болды.