Өткен тәулікте ел аумағында 348 қылмыс тіркелді - ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте ел аумағында 348 қылмыс тіркелді, оның 250-і ізі суымай ашылды.

Өткен тәулікте ел аумағында 348 қылмыс тіркелді - ІІМ

Жасалған қылмыстардың арасында 5-еуі - кісі өлтіру (барлығы ашылды), 1 - қарақшылық (1), 27 - ұрлау (24), 131 - тонау (86) және 23 - есірткі қылмысына қатысты.

Сондай-ақ, 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың салдарынан 3 адам мерт болып, 24-і жарақаттанды. 18 өрт оқиғасында 1 адам қаза тапты.