Өткен тәулікте ел автожолдарында 5 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Мәселен, Астана қаласындағы Астрахан күре жолында «Ауди» және «Мерседес» автокөліктерінің соқтығысуы орын алып, оның салдарынан бірінші көліктің 25 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 66 жастағы тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Ақтөбе облысы Самара-Шымкент автожолының 631-ші шақырымында «КамАЗ» және«Мицубиси» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында, жеңіл көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, оның ішінде 2 жастағы және жаңа туылған нәресте ауруханаға жеткізілді.
Ал Алматы облысы Петропавл-Черкаское автожолында «Опель» автокөлігін басқарған 32 жастағы жүргізуші машинаның аударылуына жол беріп, оның салдарынан жүргізушінің өзі мен 38 жастағы жолаушысы сол орында мерт болды.
Атырау қаласының Балықшы-Ширин көшелерінің қиылысында «Опель» автокөлігі мен «ММК» үлгісіндегі трактордың соқтығысуы болды. Оқиға орнында 19 жастағы жолаушы қыз қаза тапты.
Бір адам құрбан болып, тағы 5 адам зардап шеккен жол оқиғасы Оңтүстік Қазақстан облысы Алматы-Ташкент-Термез автожолының 626-шы шақырымында түңгі сағат 01.45-те «Опель» және «Фольксваген» көліктерінің қатысуымен болды.