Өткен тәулікте ел жолдарында 5 адам қаза тауып, біреуі зардап шекті - ТЖМ
деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Мамырдың 4-і күні, Екібастұз қаласы «Екібастұз-Атығай» автожолының 2-ші шақырымында «ВАЗ» және «ЦЗЕ-ФАЙ» көліктері соқтығысып қалды. Оның салдарынан бірінші машинаның жүргізушісі мен оның 27 жастағы жолаушысы мерт болды.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы «Қарағанды-Шахтинск» автожолында, «Ауди» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оның аударылуына жол берген. 42 жастағы жүргізуші тілге келместен апат орнында жан тәсілім етті.
Жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қатысты немқұрайдылығынан болған жол-көлік оқиғаларында екі адамның өмірі қыршын кетті. Мәселен, Тараз қаласының Балуан Шолақ және Абай көшелерінің қиылысында «ВАЗ» машинасын басқарған 23 жастағы азамат, 75 жастағы қарт пен 11 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Екі жүргінші де алған жарақаттардан мерт болды.
Ал Астана қаласының Сарыарқа ауданы Көктал-2 шағынауданында 6 жасар бала көлік дөңгелегінің астына түсіп қалды. Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр.