Өткен тәулікте елде өрттерде екі адам қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды- ҚР ТЖМ
Өрт 2,5 сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан жарақат алған 28 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.
Бұдан басқа, Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданындағы Самбет қыстағында кеше күндіз қатталған шөп өртене бастады. Өртті толығымен сөндіру 6,5 сағаттан кейін ғана мүмкін болды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы, Амангелді ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілер жасағының 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 1350 шаршы метрге тарады, 120 тонна шөп өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ кеше, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының Жосалы ауылында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді. Өртке қарсы күрес қызметі шақырылған жоқ. Жалын 12 шаршы метр аумаққа тарады. Оқиға орнында 72 жастағы ер адам мен тұлғасы анықталмаған тағы бір ер адамның мүрделері табылды.