Өткен тәулікте елге ұшақпен келген 3336 жолаушының бәрінде ПТР анықтама болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия,Ресей Федерациясы, Украина, Иран, Монғолия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өткен тәулікте 3 336 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 558 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1163 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 246 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 292 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 70 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.