Өткен тәулікте елімізде пневмония жағдайы тіркелген жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмония туралы соңғы ақпаратты жариялады.
Оған сәйкес 20 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония тіркемеген.
Өлім-жітім болған жоқ.
Оған қоса 14 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 88 561, 5350 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82 168 жетті.