09:52, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Өткен тәулікте елімізде пневмониядан 7 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz/ сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан ақпарттарға қарағанда, 26 тамыздағы мәліметтер бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды, 351 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап ауырғандар саны - 23 543, қайтыс болғандар – 268, жазылып шыққандар саны 4 901 жетті.