Өткен тәулікте еліміздің су қоймаларында 3 адамның батып кету оқиғасы тіркелді

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте еліміздің су қоймаларында 3 адамның батып кету оқиғасы тіркелді,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында Елек өзенінен атпен жүзіп өтіп бара жатқан 39 жастағы азамат суға құлап, батып кетті. Ал Маңғыстау облысындағы «Шағала» демалыс орнында Каспий теңізінде шомылып жүрген 15 жастағы жасөспірім суға кеткен. Оның денесін суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Сонымен қатар Семей қаласына қарасты Жоламан елді мекенінде абайсызда қайықтан құлаған 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті. Құтқарушылар оның денесін іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар