Өткен тәулікте елордада бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылып, іздеуде жүрген 2 қылмыскер қолға түсті

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен тәулікте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция қызметі өкілдерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылып, оған қатысты бұрын іздеуде жүрген 2 азамат қолға түсті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Астана қалалық Ішкі істер департаменті хабарлады.Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, демалыс күндері еліміздің бас шаһарында барлығы 7 қылмыс тіркелген. Олардың арасында ұрлық, есірткіні заңсыз тарату сияқты әрекеттер де бар. Астаналық тәртіп сақшылары «Есірткі қалқаны» жедел-сауықтыру шаралары кезінде қарағандылық әріптестерімен бірлесе отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын құрықтады. Тексеру кезінде одан 13,86 грамм героин, көлігінен 5,45 милиметрлік 5 оқ табылған. Күдікті қазір уақытша оқшаулау изоляторына жабылды. Сондай-ақ арнайы операция барысында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге 1,59 грамм героинді сатып үлгерген П. есімді әйелді қолға түсірген. Оны тексеру кезінде тағы 2,44 грамм героин алынған. Күдіктінің үйін тексеру барысында 3,41 грамм марихуана табылған. Қазір бұл әйел қамауға алынды. Қалалық Ішкі істер департаментіне ақпанның 22-сі күні қала тұрғындарының бірі 17 мың теңгенің заттары ұрланғандығын айтып шағымданған. Бұл қылмыс бойынша құқық қорғау қызметінің өкілдері Д. есімді азаматты ұстап, одан заттай айғақтар табылған. Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар