Өткен тәулікте елордада жеті қылмыс тіркелді

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Астанада 7 қылмыс оқиғасы тіркелді, оның ішінде тонау және автокөлік ұрлау оқиғалары бар,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция қызметкерлері Астана Ішкі істер департаменті патрульдік полиция полкының қызметкерлерімен бірге, «Қапқан» операциясы барысында Б. деген азаматты ұстады. Ол «Мобитекс» ЖШС жайына еркін кіріп, ол жерден 25 мың теңгенің тауар-материалдық құндылығын ұрлап кеткен. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде.Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ, жол полициясымен бірлесе отырып, Ауди-80 автокөлігін ұрлап, оның иесіне 500 мың теңге шығын келтірген қылмыскерді ұстады.
Соңғы жаңалықтар