Өткен тәулікте ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аймағында 8 қылмыс тіркелді

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - «Өткен тәулікте Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аймағында 8 қылмыс тіркелді»,деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Тіркелген қылмыстардың 5-уі криминалдық желісі бойынша, олардың 4-нің ізі суымай ашылды. Сондай-ақ 27 ақпан күні Теміртау қаласында арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында 1987 жылы туылған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облысында С. есімді азаматтан 9 келі 547 грамм кептірілген марихуана сатып алған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында 61,50 келі кептірілген марихуана табылды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар