Өткен тәулікте қар құрсауынан 91 адам құтқарылды - Төтенше жағдайлар министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте қар құрсауынан 91 адам құтқарылды - Төтенше жағдайлар министрлігі

Атап айтқанда, 22 наурызда сағат 01.23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы елордаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 2 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

22 наурызда сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында «Қарағанды – Аягөз-Бұғаз» автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған «Тоyоtа Carina» автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.

22 наурызда түнгі 22-10 Ақтоғай ауданында «Ақой-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды.