Өткен тәулікте Қазақстан өңірлерінде өрттерде 2 адам мерт болды, төртеуі зардап шекті

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстан өңірлерінде тұрғын үйлерде болған өрттер салдарынан екі адам көз жұмды, тағы төртеуі зардап шекті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, кеше сағат 20.03-те Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында жекеменшік үй өртенді. Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ Астана қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт орнында 75 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Жалынды сөндіру кезінде иіс тиіп уланған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Жұма күні сағат 19.58-де Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер отқа оранды. Өрт 37 минуттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттің салдарынан 76 жастағы әйел күйік шалу және иіс тиіп улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Кеше сағат 11.58-де СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының Золотая Нива ауылында жер үй өртенді. Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметі (4 адамы мен 1 техникасы) жалынмен үш сағат күресті. Оқиға орнында 4 жасар баланың мәйіті табылды.

Сондай-ақ жұма күні сағат 02.35-те Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Денсаулық» саяжайлық алқабында үй жалындады. Тілсіз жауды адамдар өз күштерімен сөндірді. Құтқарушылар шақырылған жоқ. Өрттің салдарынан 29 жастағы ер адам мен 23 жастағы қыз күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар