Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында бес адам қаза тапты, олардың ішінде бір бала бар
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте ел аумақтарындағы жолдарда 5 адам мерт болды,
олардың ішінде бір бала бар. Сондай-ақ 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Атап айтқанда, «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында «Фольксваген» және «Ауди» көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан «Аудидің» екі ересек жолаушысы мен 1 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. «Аудидің» тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 74-ші шақырымында сәрсенбі күні таңертең сағат 9.00-де «Нива» және «Хонда» көліктері соқтығысып қалды. «Ниваның» 58 жастағы жолаушы әйелі сол жерде мерт болды. Екі жолаушы мен 5 жасар бала ауруханаға түсті.
Сондай-ақ кеше түнде Таразда, Желтоқсан және Ташкент көшелерінің қиылысында «ВАЗ» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалып, оқиға салдарынан «ВАЗ-дың 40 жастағы жолаушысы опат болды.