Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 19 наурызындағы мәлімет бойынша 51 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Анрадағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус пнемониясынан 1 адам қайтыс болып, 196 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 50 100, өлім жағдайлары – 661-ді құрады.
Жазылып шыққандар 46 181 адам.