Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы анықталды, коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қанша

Жалпы, 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Мәселен, 1 қаңтарда вирус - 115 адамнан, 31 желтоқсанда 181 адамнан анықталған еді.

Пандемия басталғалы елімізде аталған індет 1 403 328 адамда тіркелді, қайтыс болды 13 695 науқас. Коронавирус белгілері бар пневмонияға 90 599 адам шалдықты, көз жұмды 5 363 науқас.