Өткен тәулікте Қазақстанда пневомониядан 1 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болып, 37 адам сауығып кетті.
Елімізде 1 тамыздан бері пневмониямен 28 928 адам ауырып, 318 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 6 642-ге жетті.