Өткен тәулікте Қазақстанның жолдарында болған төрт апатта 10 адам зардап шекті

АСТАНА.  Қазанның 3-і. ҚазАқпарат -  Өткен тәулікте  республика  автожолдарында  орын  алған   төрт жол апатында  10 адам зардап шекті, 

Өткен   тәулікте  Қазақстанның  жолдарында болған төрт апатта   10 адам зардап шекті

деп  хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қызылордада  жұма күні Қызылорда-Айдарлы» тас  жолының 5-ші шақырымында     сағат 9.00-де  «Мерседес»  және «Ауди» көліктері  соқтығысты.   Жол-көлік оқиғасының салдарынан    екі  жүргізуші мен  екі  жолаушы       ауруханаға түсті.   Осы облыста «Шымкент-Самара» тас жолының 267-нші шақырымында сағат 18.22-де  «Лексус» көлігінің    44 жастағы әйел жүргізушісі    рульге ие бола алмай,   машинаны аударып  алды.  Оқиға салдарынан  жүргізуші  ауруханаға түсті,  ал оның  жолаушысы  апат орнында көз жұмды.  

Жұма күні Алматы  облысының Ұзынағаш  ауылында   сағат  14.00-де  «Мицубиси» көлігінің   жүргізушісі 2 жасар  баланы қағып  кетті.   Бала оқиға орнында көз  жұмды.   Тағы бір   бала   Оңтүстік Қазақстан  облысының  «Ақсу-Шымкент» тас жолында  болған  апаттың салдарынан   зардап шекті.    Сенбіге  қараған  түні  «Опель»  және  ВАЗ» көліктері  соқтығысып   қалып,  оқиға салдарынан  «Опельдің»    34 жастағы жүргізушісі    көз жұмды,  ал  оның  жолаушылары  - 3 жасар бала мен  34 жастағы ер азамат  ауруханаға   түсті.