Өткен тәулікте КІІД қызмет көрсету аумағында үш қылмыс тіркеліп, оның екеуі ашылды

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде КІІД қызмет көрсету аумағында 3 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 2 қылмыс ашылды.
None
None

Қоғамдық орындарда қылмыстарға жол берілген жоқ, деп хабарлады аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

  Атап айтқанда, кеше 00.10 сағатта Ақтөбе стансасының теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері вокзал ғимаратының үшінші қабатында орналасқан мейманхананың 39-ыншы бөлмесінде Қандыағаш қаласының кәсіби-техникалық лицейлерінің бірінің бірінші курсында оқитын 1995 жылғы Б. есімді кәмелетке толмаған азаматты құрықтады. Одан полицейлер нөмірі жоқ 16 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығын тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Ұсталған жеткіншек Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, оңалту және бейімдеу орталығына қамалды.

Соңғы жаңалықтар