10:24, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Өткен тәулікте Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аймағында 10 қылмыс тіркеліп, оның 8-нің ізі суымай ашылды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - «Өткен тәулікте Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аймағында 10 қылмыс тіркеліп,
оның 8-нің ізі суымай ашылды», деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеше 18.20 шамасында Алматы-1 стансасындағы Желілік ішкі істер бөліміне Алматы қаласының 1958 жылғы К. есімді азаматтан шағым түсіп, ол «Алматы-Павлодар» бағытындағы №32 жолаушылар пойызының №20 вагонынан аяқ киімінің ұрланғандығын мәлімдеген. Жедел-іздестіру шараларының барысында ЖІІБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы іске қатысы бар Алматы қаласының еш жерде жұмыс істемейтін және бұрын істі болмаған 1962 жылғы А. есімді азаматын ұстады. Одан заттай айғақтар табылды.