Өткен тәулікте коронавирус 114 адамнан анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 114 адамнан коронавирус анықталып, 14 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус 114 адамнан анықталды

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан (–1 473+ және 186 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.