Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –9 қыркүйекте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус  белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 372 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 228, 316 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 546 жетті.