09:30, 13 Қазан 2020 | GMT +6
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясымен ауырған 2 науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 13 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 913, 370 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 709 жетті.