Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ аталмыш дерттен 11 адам жазылды.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен барлығы 88705 адам ауырып, 5353 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 82345-ке жетті.