Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 19 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 275 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш дерттен өткен тәулікте сондай-ақ 19 адам қайтыс болып, 133 адам жазылып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 72223 адам ауырып, 4630 ада қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 59547 адамды құрап отыр.