Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмонияны 46 адам жұқтырып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.
Аталамыш ақпарат көзінің мәліметінше, коронавирус пневмониясынан 66 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмоиясынан жұқтырғандар саны 87983 адамды құрады. Сондай-ақ аталмыш дерттен 5333 адам қайтыс болып, 81575 адам жазылып кетті.