Өткен тәулікте коронавирустан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония жұқтырудың 234 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте коронавирустан 2 адам қайтыс болды

Сондай-ақ екі адамның қайтыс болғаны анықталды. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.

Биылғы жылдың тамыз айынан бері коронавирус белгісі бар пневмониямен барлығы - 33 212 адам ауырып, 357 өлім жағдайы тіркелді. Жазылып шыққандардың саны 27 337-ге жетті.