Өткен тәулікте өрт оқиғаларында 5 адам мерт болып, бір бала көмірқышқыл газына уланып қалды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Өткен дүйсенбі, қаңтардың 11-і күні республика аумағында болған өрт оқиғаларының салдарынан 5 адам мерт болып,
None
None

көмірқышқыл газына уланған 8 жастағы бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт оқиғалары Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданына қарасты екі кентте - Белоусовка және Жоғары-Березовкада болған. Жекеменшік тұрғын үйлерден шыққан өрттің бірінен - 60, екіншісінен 57 және 62 жастағы адамдардың денелері табылды.

Сондай-ақ Павлодар қаласы Зеленстрой кентіндегі жекеменшік үйдің ауласына салынған шаруашылық нысанның 35 шаршы метр аумағына тараған жалынды ауыздықтау барысында, тұлғалары анықталмаған екі ер адамның мәйіттері табылған. Тілсіз жау Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметтің күшімен 4 жарым сағаттан кейін сөндірілді.

Осы қаладағы жекеменшік тұрғын үйлердің тағы бірінде, 50 шаршы метр аумақта болған өрттің салдарынан ыс тиіп уланған 2002 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар