Өткен тәулікте республика аумағында суға кеткен 4 адамның денелері табылды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәселен, 3 тамыз күні күндіз Атырау қаласындағы Талқайран кентінде Атырау облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметінің күшімен екі күн бұрын Жайық өзеніне батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды.
Алматы облысының Іле ауданында кеше сағат 19:10-да суға шомылу кезінде ер адам батып кетті, оның туған жылы анықталған жоқ. Азаматтың денесін судан куәгерлер алып шықты.
Алматы облысындағы Сарқанд ауданының Қарашаған айлағында 3 тамыз күні сағат 16:00-де суға шомылу кезінде 65 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйті жер бетіне үш сағаттан кейін Алматы облыстық ТЖД су-құтқару қызметінің күшімен шығарылды.
Өскеменде Самара тас жолындағы қазаншұңқырда сағат 14:20-да шомылу барысында 41 жастағы ер адам ажал құшты. Оның мүрдесін жағаға 20 минуттан кейін полиция қызметкерлері шығарды.